Accessibility links

Ақтөбе облысында Хромтау әкімі ұсталды


Ақтөбе облысының картасы.
Ақтөбе облысының картасы.

Ақтөбе облысында Хромтау қаласының әкімі Сағындық Шабықбаев ұсталды. Ақтөбе облыстық сотының хабарлауынша, қала әкімі "пара алды" деген күдікке ілінген.

Сот оны екі айға қамауға рұқсат берген. Басқа ақпарат айтылмайды.

Әзірге, Шабықбаевты қорғау жағы іс бойынша ешқандай мәлімдеме жасамады.

40 жастағы Сағындық Шабықбаев 2023 жылы қыркүйекте Хромтау қаласының әкімі болып сайланған. Оған дейін 2018-2023 жылдары Хромтау әкімінің орынбасары болған.


XS
SM
MD
LG