Орталық Азия басшыларымен саммит өткізген АҚШ президенті Дональд Трамп аймақ басшыларымен сауда, дипломатия және минералды ресурстар жөнінде қандай келісімдер жасалғанын айтты.
Кейінгі үш жылда үш мемлекеттік арнада бір-біріне ұқсайтын үш тележоба пайда болды. Үшеуі үш тілде болғанымен, миссиясы бір – Президент кездесулері ме келіссөздерінен хабар тарату. Жобалардың форматы Ресейдің пропаганда «ноу-хауына» ұқсайды.
Қазақстанда ет бағасы бір жылда 20 пайыз шамасында өсті. Бұл — орташа әрі ресми дерек. Кейбір жергілікті базарларда ет бірер айда 30-40 пайыз қымбаттап кетіп, жұрт желіде шуласып қалған. Бұған не себеп?
Алматыда Қаңтар оқиғасы кезінде өртке оранып, кейін сүрілген президент резиденциясының орнында сквер ашылды. Азаттық Азия тілшісі үш жыл бұрын қанды қақтығыс болған жерді аралап көрді. Журналист ол жерге Қаңтар кезінде оқ тиіп жараланып, азапталған, кейін түрме жазасына кесілген адаммен бірге барды.
Финляндия президенті Александр Стубб Қазақстанды Ресей мұнайын алмастыратын Еуропаның бас серіктестерінің бірі деп атады. Ресейдің кей басылымдары Қазақстанның мүмкіндігіне күмән келтірді. Еуропаның энергия нарығында Астана Мәскеудің орнын баса ала ма?
Тағы