Accessibility links

Лавров өзінің "қызметтен шеттетілгені туралы" хабар тарағалы бері алғаш рет сұхбат берді


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров өзін қызметтен шеттеткені жөнінде хабар тарағалы бері алғаш рет сұхбат берді. Бұған дейін батыс басылымдары шенеунік АҚШ-Ресей президенттерінің саммиті өтпей қалғандықтан қызметінен айырылуы мүмкін деп болжаған еді.

Лавров Қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатыспаған және кейінгі бірнеше жылда алғаш рет Йоханнесбургтегі "Үлкен жиырмалық" елдерінің саммитінде ресейлік делегацияға жетекші ретінде тағайындалмады. Кремльдегілер министрдің қызметтен шеттетілгенін жоққа шығарды.

11 қарашада жарияланған сұхбатта Лавров Financial Times басылымы жариялаған ақпаратты жоққа шығарады. FT мақаласында Путин мен Трамптың келіссөзі Лавров АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубиоға Украинадағы соғыс бойынша Мәскеудің қатаң талаптарының тізімін бергеннен кейін өтпей қалғаны баяндалған.

Министрдің айтуынша, меморандум Путин мен Трамп арасындағы телефон әңгімеге дейін берілген, Трамп сол әңгімеден кейін саммит жөнінде жариялаған. Ол Рубиомен әңгіме FT жазғандай күрделі болмағанын айтты.

Лавровтың айтуынша, АҚШ-қа берілген меморандумда Путин мен Трамптың бұған дейінгі кездесуіндегі келісімдер пысықталған. Рубиомен әңгімеден кейін екі елдің сыртқы саясат және әскери ведомство қызметкерлерінің кездесуі ұйымдастырылуы тиіс болған.

"Біздің ар-ұятымыз таза, оны сирек қолданамыз" деген қалжың бар. Бірақ нақты жағдайда дәл солай болып тұр" деді министр. Осылайша Будапештегі саммиттің өтпеуіне Мәскеу кінәлі емес дегенді меңзеді.

XS
SM
MD
LG