Accessibility links

Михаил Саакашвили клиникадан түрмеге ауыстырылды


Саакашвили клиникада отыр, наурыз 2025 жыл.
Саакашвили клиникада отыр, наурыз 2025 жыл.

Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили Руставидегі түрмеге қайтарылды. Грузияның пенитенциарлық қызметінің хабарлауынша, саясаткер "жалпы тәртіпте" жазасын өтеп жатыр. Ол 2022 жылдың мамырынан бері ауруханада емделген.

"Эхо Кавказа" сайтының жазуынша, грузин билігі Саакашвилидің денсаулығын "қанағаттанарлық" деп бағалаған және стационарлық емдеуге зәру еместігін атап өткен.

Грузияда Саакашвили бірнеше қылмыстық іспен сотталған. Ол 2034 жылдың сәуіріне дейін жазасын өтуі керек. Алайда 6 қарашада Грузия прокуратурасы оған тағы қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Бұрынғы президенттің жақтастары оны саяси себеппен қудалап отыр деп санайды. Оны босатуды құқық қорғау ұйымдары мен батыс саясаткерлері талап еткен.

XS
SM
MD
LG