Түркістан облысында полиция 9 сынып оқушысының қазасын тергеп жатыр.
"Алдын ала мәлімет бойынша 9-сынып оқушысы сыныптасының кеуде тұсынан ұрған. Соққы алған оқушы сол жерде қайтыс болған" деп жазылған полиция хабарламасында.
Оқиға 3 қарашада болған. Полиция оқиғаға қатысы бар күдіктілерді ұстағанын хабарлады. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тартылған.
Туыстарына сүйенген жергілікті БАҚ-тың жазуынша, жасөспірімді зират жаққа қарай тартып, сол жерде ұрып-соққан. Жасөспірімнің денесі сол жерден табылған.
Бұған дейін Жамбыл облысы Шу ауданында жоғары сынып оқушылары арасында төбелес болып, жасөспірімнің қаза болғаны хабарланған еді. Полицейлер 16-17 жастағы күдіктілерді ұстап, қамағанын хабарлаған.