Түркістан облысында полиция жоғары сынып оқушысының соққыдан қаза болғанын хабарлады

Түркістан облысындағы мектептердің бірі. Көрнекі сурет.

Түркістан облысында полиция 9 сынып оқушысының қазасын тергеп жатыр.

"Алдын ала мәлімет бойынша 9-сынып оқушысы сыныптасының кеуде тұсынан ұрған. Соққы алған оқушы сол жерде қайтыс болған" деп жазылған полиция хабарламасында.

Оқиға 3 қарашада болған. Полиция оқиғаға қатысы бар күдіктілерді ұстағанын хабарлады. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тартылған.

Туыстарына сүйенген жергілікті БАҚ-тың жазуынша, жасөспірімді зират жаққа қарай тартып, сол жерде ұрып-соққан. Жасөспірімнің денесі сол жерден табылған.

Бұған дейін Жамбыл облысы Шу ауданында жоғары сынып оқушылары арасында төбелес болып, жасөспірімнің қаза болғаны хабарланған еді. Полицейлер 16-17 жастағы күдіктілерді ұстап, қамағанын хабарлаған.