Орталық Азия елдерінде банк секторы экономикалық құрал болумен қатар саяси ықпал тетігі ретінде де қызмет етеді. Басшының жақын-жуығы ірі қаржы құрылымдарын бақылауда ұстайды. Бұл оларға капиталын көбейтуге ғана емес, экономикалық ресурсты әкімшілік билікке айналдыруға мүмкіндік береді.